Бір күнде желтоқсан айындағы қардың 32% жауған

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2295

Алматыда бір түнде 1200 текше метр қар шығарылды. Қала көшелеріндегі қарды тазалауға 605 арнайы техника және 1080 маман жұмылдырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қазгидрометтің болжамы бойынша күндіз -8 °C дейін суық болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

16 желтоқсан сағат 9:00-дегі мәлімет бойынша қалада 22 сантиметр, Каменск үстіртінде 40 см, ал Шымбұлақта 42 см қар түскен. Бір күнде желтоқсан айындағы жауын-шашынның 32%-і жауған.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жүргізушілерден сақтық шараларын, жылдамдық режимін және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтауға, қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандылық нәрестеде туа біткен жүрек ақауы болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұған дейін с...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған табиғи апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен екі...