Немересін құтқармақ болған: Тобыл өзенінде төрт жасар баламен бірге атасы қаза тапты

ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
464

Қостанай облысында отбасылық демалыс кезінде Тобыл өзеніне батып кеткен атасы мен оның төрт жасар немересін іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 14 маусым күні Қостанай ауданының Алтын Дала ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт жасар бала су жағасында ойнап жүріп, ағысы қатты жерге түсіп кеткен. Мұны көрген атасы немересін құтқаруға ұмтылғанымен, өзеннен шыға алмай қалған. Күшті ағыс екеуін де алып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстары бірнеше күнге созылды. 16 маусым күні таңертең құтқарушылар баланың денесін оқиға болған жерден шамамен бір жарым шақырым төмен ағыс бойынан тапты.

Кейін Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен еріктілердің бірлескен күшімен 1967 жылы туған ер адамның денесі де табылды. Ол оқиға орнынан шамамен бес шақырым төмен ағыс бойында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған өзен учаскесінде орын алған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...