Қазақстанға іссапармен келген Ифе Королі бауырсақ жеуден бас тартты (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1860

Король Адейейе Огунвуси Астана халықаралық форумы аясында алғаш рет ұйымдастырылған «Қазақстан – Африка: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашу» атты арнайы сессияға спикер ретінде қатысуға келген. Ол өзінің сапары кезінде қазақстандық «Цесна» кәсіпорнының жұмысымен танысқан, деп жазды Мadeniportal.kz.

Кәсіпорын ұжымы Король Адейейе Огунвуси келгенде ұлттық киім киінген қыздардың қолына табақ-табақ бауырсақ ұстатып шығарған. Алайда Ифе Королі бауырсақтан ауыз тимек түгілі, жегісі келмейтінін білдіріп қайтарып тастаған. Алайда оның жанындағы өзге делегация өкілдері қазақттың ұлттық тағамын сүйсіне жеген. Мұның бәрі – танымал продюссер, аталған кәсіпорынның басшысы Тұрсын Алагөзовтың жұбайы Баян Мақсатқызының әлеуметтік желіде жариялаған видеосына түсіп қалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...