Бишімбаев ай сайын қанша ақша табатынын айтты

Жоғарғы сот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2894

Астанада  Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Күдікті жауап беру кезінде ай сайын қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Күдіктінің адвокаттары Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкеноваға ай сайын 4-5 млн теңгеден аударып отырғанын мәлім еткен еді. Сот отырысында жәбірленуші тарап Қуандық Бишімбаевтан ай сайын қанша ақша табатынын сұрады.

Ресми тіркелген жерімнен – айына 1 миллион теңге алдым. Ал мейрамхананың кірісіне байланысты табысым 8-ден 15 миллион теңгеге дейін болды, - деп жауап берді Бишімбаев.

Бишімбаев "BAU" мейрамханасын басқаратынын және оған иелік ететінін жасырмағанын айтты. Ал Гастроцентр акцияларының бірі Бишімбаевтың анасына тиесілі.

"Қылмыс Бишімбаевтың мейрамханасында болды деп айтуға бола ма?" - деген сұраққа сотталушы: "Иә, барлық жерде осылай жазып жүр ғой", - деп жауап берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...