Биылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің табысы ресми сайтта жарияланады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1633

ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл отандық БАҚ-қа берген жауабында, аталған талап жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында енгізілгенін жеткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Яғни, мемлекеттік қызметкерлердің табыс декларациясы биылдан бастап жариялануы тиіс. Вице-министрдің сөзінше, 2023 жылға арналған декларациялар әр мемлекеттік органның ресми сайтына шығады. Бұл қадам арқылы мемлекеттік қызметтегі ашықтықты көрсетуге болады. 

– Әр органның сайтында тиісті бөлім жасалады, онда мемлекеттік қызметкерлердің табыс және мүлік туралы мәліметтері көрсетіледі. Биыл тек 2023 жылғы декларациялар жарияланады, – деп жауап берген Д.Кеңбейіл.

Декларациялардың ашық болуы мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығынын бақылау, заңбұзушылықтардың алдын алу үшін енгізіліп отыр. Сондай-ақ, бұл тәсіл арқылы азаматтар мемлекеттік органдардың жұмысын бақылай алады.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...