Қазақстанда бойдақтарға салық салынады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2616

Қаржы министрлігі бойдақтарға салық салу бастамасын қарағалы отыр, деп хабарлайды Madeniportal.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда ведомство әуелі бұл ұсыныстың ресми түрде түскенін күтеді.

“Біз Талдықорған тұрғындарымен кездескенімізде бойдақтыққа қатысты мәселені талқылаған болатынбыз. Бұған дейін салықтың бұл түрі Италияда және Болгарияда болған екен. Демография тұрғысынан бұл маңызды мәселе. Бірақ мұндай салық салуды мен ұсынған жоқпын, БАҚ менің сөзімді басқаша жеткізген”, - дейді бұған дейін бойдақтарға салық салуды ұсыну туралы айтқан мәжіліс депутаты Болат Керімбек. 

Бұған қарамастан, бала тууды ынталандыру бойынша қабылдануы мүмкін шараларды талқылау жалғасуда. Қаржы министрлігі баласыз қалу салығын енгізу туралы ұсыныс ресми түрде түссе, заңға сәйкес қаралатынын растады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай салықты енгізуге қатысты заңнамалық бастамалар жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...