8, 6 және 1 жаста еді: Жетісуда өрттен қаза тапқан үш бала жерленді

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
192

Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылындағы жойқын өрттен қаза тапқан 8, 6 және 1 жастағы үш бала Талдықорған қаласының маңында жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы КТК жазды. Қайғы жамылған отбасы Бақтыбай ауылында бір жылдан бері жалдамалы үйде тұрған. Отбасында төрт бала тәрбиеленген, тек отағасы жұмыс істеген. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, отбасы Талдықорғанда тұрғын үй кезегінде тұрған, ал Ескелді ауданында уақытша баспана жалдап келген.

Қайғылы оқиға болған күні 38 жастағы отағасы таңертең ерте Талдықорғанға жұмысқа кеткен. Өрт таңғы сағат 7-ден асқанда басталған.

Қалың түтінге оранған үйден 34 жастағы ана мен оның 14 жастағы үлкен ұлы ғана сыртқа шығып үлгерген. Олар дереу көршілерден көмек сұраған.

Көршілердің бірі жанып жатқан үйге кіріп, балалардың бірін терезе арқылы сыртқа алып шыққан. Алайда бала түтінге тұншығып, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Тағы екі бала үйдің ішінде қалып қойған.

Ауыл тұрғыны Салтанат Мухиева сол сәтте көршілердің балаларды құтқаруға әрекет жасағанын айтты.

«Көрші жігіт шыдай алмай есіктен кіреді. Ол кезде үйдің қабырғалары жанып жатқан. Кіре сала баланы терезеден сыртқа алып шығады. Үйдің төбесі жана бастағанда өзі де терезеден секіріп шыққан. Үйдің іші түгел жанып, екі бала ішінде қалып қойды», – дейді ол.

Өрт салдарынан отбасындағы үш бала қаза тапты.

Ескелді ауданының әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті көмек көрсеткен. Сондай-ақ қара жамылған отбасына Бақтыбай ауылынан уақытша баспана тауып беру жоспарланып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

үгін үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовке т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қамауға алынған Данияр Хайрушевтің ата-анасы Президентке үнд...