Блогер Жанабыловтарға сот шешімі шықты

Фото: Alash.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
259

Астанада ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі соңына жетті. Сот шешімімен блогер Ерболат Жанабылов 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, ал оның жұбайы Эльмира Толегенова кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазасын өтеу 2 жылға кейінге шегеріліп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушылармен келісімге келгенін айтты. 

Нәтижесінде покурор блогерлерге жаңа жаза мерзімін сұрады. Ерболат Жанәбіловке 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды. Қылмыстық кодекстің 55-бабын қолданып, түпкілікті жаза ретінде 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу сұралды. Эльмира Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ең төмен қауіпсіздік мекемесінде өтеу ұсынылды. Жазаны өтеу мерзімі 2 жыл кейінге қалдырылды.

Оған қоса блогерлер 247 миллион теңгені өтеген.

Қылмыстық іс 2026 жылдың наурызында басталды. Тергеу дерегіне сәйкес, 2025 жылы блогерлер аса ірі көлемде ақша табу мақсатында қылмыс жоспарын құрған. Алайда оқырмандар 30 мың теңгеге сатып алатын видеокурстардың білім беру және экономикалық мәні болмаған. Сондай-ақ бұл курстар бұрын да басқа платформаларда жарияланған.

Бұған дейін қылмыстық істегі прокурор Олжас Хайруллаев қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы жүргізілгенін, соған сәйкес блогерлердің 247 млн теңгені қылмыстық жолмен тапқаны анықталғанын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды MadeniPor...

ӘДЕБИЕТ

Нүсіпхан бүгін ерте тұрды. Күндегі әдетінше малын жайғап, атқа қонды. Желтоқсан айы болса да бүгін...