Әлімханұлы Канеломен айқасу үшін жоғары cалмаққа ауыспақ

ЖАҢАЛЫҚТАР
3459

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионға көтеріліп, мексикалық Сауль Канело Альвареске (58-2-2, 39 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді.

Vesti.kz-тің жазуынша, қазақ боксшысы 2023 жылы үлкен айқастар өткізе алмаса, осындай қадамға баратынын твиттер желісінде жазды. 

«Биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысамын. Ал егер маған ондай мүмкіндік бермесе, 2024 жылы 168 фунтта Канелоға міндетті қарсылас боламын. Мұның мүмкін екенін бәрі біледі. Иншалла, келесі жылы екі салмақта чемпион атанамын!» – деп жазапты Жәнібек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...