Блогердің өлімі: «Сокол» автодромындағы қайғылы трюкке қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
401

Іле ауданында жас блогер Батырхан Ержановтың өліміне байланысты қозғалған іс бойынша сот айыпталушыға 1 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Алматы облысы Іле аудандық соты 2024 жылғы 29 қазанда «Сокол» автодромында болған қайғылы оқиғаға байланысты үкім шығарды. Оқиға кезінде 22 жастағы блогер Батырхан Ержанов Lamborghini көлігімен қауіпті трюк жасағанда мерт болған.

Белгілі блогер Бейбіт Әлібековтың көлігін уақытша иеленген Анатолий Подлипалин қозғалыстағы көлік ішінен секірмек болған Ержановты қағып кеткен. Жігіт ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, келесі күні көз жұмды.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі бойынша қаралып, сот айыпталушыны 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесті. Сонымен қатар, сот шешімімен жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.

Жәбірленуші тарап істі «қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабымен қайта қарауды сұрағанымен, бұл талап қанағаттандырылмады. Сот жеңілдететін мән-жай ретінде айыпталушының өкінуін және мүгедек баласының барын ескерді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық музыка академиясын 25 жыл басқарған скрипкашы Айман Мұсақожаева жылы орнын қайтарамын д...