Қырғызстан полициясы шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандықты іздестіріп жатыр, деп хабарла...
Бокстан екі жерлесіміз Азия чемпионатында жүлделі болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
1232
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Гүлназ Бөрібаева финалда Өзбекстан өкілі Робияхон Бахтиёровадан басым түсіп, чемпион атанды.
70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бақыт Сейдіш шешуші кезеңде өзбекстандық Ойша Тоированы жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
Ал 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шұғыла Нәлібай финалда қытайлық Цзии Баоға есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар.