ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алдағы уақытта «Ұлттық қор — балаларға» жобас...
"Өтірік жала жұтып келдім": Еркеш Хасен қызына байланысты шындығын жайып салды
ашық дереккөз
Танымал әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желіде отбасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
"Неше уақыттан бері, елдің айтқан өтірік жалаларын жұтып келдім. Бірақ, бұл САСЫҚ әңгімеге кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жазып тұрмын. Бір айтарым, мен қызымды ЕШҚАШАН тастаған емеспін, тастамаймын да! Соңғы демім қалғанша, қызыма қамқор боламын. Мен камераның алдына барып, отбасыма қатысы жоқ адамға, отбасым жайлы айтып отырмаймын! Менің қызымды да, қызыма деген махаббаттан туған әнімді де, ешкім тартып ала алмайды!", - деді әнші.
Сондай-ақ ол, отбасына қатысты ешкімге сұхбат бермейтінін айтты.
"Ешкім ажырасамын деп, үйленбейді. "Ұлың болса-ұрыға күлме"-дейді. Сіздер үйреніп қалған сценарийге сүйенсек, мен бір журналистпен отырып, осыны талқылау керек екенмін. Кешіріңіздер, мен талай жақсы күндерді бірге өткізген адамды, елдің алдында әңгіме қылып отырмаймын. Екеуміз арамызда болған нәрсе, Әуелі Алла сосын, тек екеумізге мәлім. Осымен әңгімені доғарайық!", - деді Еркеш Хасен.
