Қарағандыда 200 ата-ана баласынан көз жазып қалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1220

Қарағандыда Кеншілер күні орталық алаңға 120 мың қала тұрғыны мен қонақтар жиналды — концерт кезінде адасып қалған 235 бала ата-анасына қайтарылды, деп хабарлайдыPolisia.kz сайтына сілтеме жасаған MADENIPORTAL.KZ.

Шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1000-нан астам полиция қызметкері және Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Мерекеде бірде-бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Дегенмен халық көп шоғырланған орында балалардың адасып қалу жағдайлары тіркелді. Барлығы 235 бала ата-анасынан көз жазып, адасып қалған.

"Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында олардың барлығы қысқа уақыт ішінде табылып, ата-анасына аман-есен табысталды. Осы мақсатта тәртіп сақшылары концерттің жүргізушілерімен тұрақты байланыс орнатып, табылған балалар жайлы жедел хабар таратып отырды.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін арнайы автобус бөлініп, онда бүлдіршіндер ата-анасы келгенге дейін бақылауда болды. Бұл оқиға полиция қызметінің басты қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қорғау мен жәрдемдесуге әрқашан дайын екендігінің айқын көрінісі болды", - деп жазды басылым.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...