Бостандыққа шыққан Асқар Жұмабектің түрмедегі фотосы желіде қызу талқыға түсті

Фото: askharzhumabeqov

ЖАҢАЛЫҚТАР
2280

Жақында бостандыққа шыққан актер Асқар Жұмабек желіде жаңа фотолар жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Көпшілік өнер иесі аталмыш кадрларды қайда жасағанын біле алмай әлек болған, деп жазады madeniportal.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Асқар Жұмабек бостандыққа шыққалы Instagram-дағы парақшасында белсенділік танытып, оқырмандарын жаңа суреттермен жиі қуантуда. Бұл жолы өнер иесі көпшілікті тіптен ойландырып қойды. Актер белгісіз жерден суреттер жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Кадрларда Асқар Жұмабектің жабық бөлмеде бейтаныс ер адаммен бірге отырғанын көруге болады. Өнер иесі қасындағы азаматтың түрін жауып қойған.

“Байқаусызда камераға түсіп қалыппыз ғой”, - деген жазба қалдырды ол.

Желідегілер бұл фотоларды бірден қызу талқылап, оған қатысты түрлі пікірлер білдірді. "Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Бастысы сынбау", "Өткінші өмір сынақ. Бұл күндерің артта қалсын", "Қайда түскен?", "Осы фотоларды күттік", "Ең бастысы басқа камераға түсіп қалмаңыз", "Каптерка ма?", "Зонадағы бауырлар ма?", "Түрмеден веб-сериал шығып кетпесін", - деп жазды оқырмандар.

Шоу-бизнес

Қазақстандық шоулардың бірінде ұятты оқиғасын бөлісіп, басы дауға қалған рэпер De Lacure айыптауларғ...

АЙМАҚТАР

2026 жылғы 3 мамырға, жексенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды. Елдің басым бөлігінде қолайсы...