Дәурен Айдарқұлов тағы да отау құрды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1279

Актер Дәурен Айдарқұлов өз Instagram парақшасында көпшілікке сүйінші жаңалығын жария етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Актер желідегі жазбасында үйленгенін хабарлап, неке қиған сәтінен фотоны жария еткен.

"Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ", - деп жазды әнші жазбасында.

Актердің жазбасын көрген желі қолданушылары оған ақ тілектерін жаудырды. Қуанышына ортақ болып, ізгі тілектерін қалдырғандар қатарында Ақбота да бар.

"Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын!", - деп пікір қалдырды актердің жазбасына Ақбота Сейтмағамбет.

Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұловтың бұл үшінші некесі. Айдарқұловтың бірінші отбасынан үш, екінші некесінен екі баласы бар. Ол актриса Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автобус жүргізушісі белгіленген аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеннен кейін жолаушы мен жүргізу...