Бүгін жолаушылар пойызында өрт шығып, вагон шешілді

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
2239

Астана-Қарағанды учаскесінде жеке жолаушылар пойызында өрт болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Қазақстан темір жолы баспасөз қызметіне сілтей отырып.

«22 наурызда сағат 11: 13-те Астана-Қарағанды-Сортировочный учаскесінде Қостанай-Алматы бағыты бойынша жүретін «Түрксіб Астана» жеке меншік тасымалдаушысының № 44 жолаушылар пойызында өрт шыққаны белгілі болды» деп жазылған хабарламада. 

Өртенген вагон жедел ағытылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. Өртті теміржолшылар мен ТЖД күштері бірігіп жойды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...