Сүйіктісін сан соқтырған жігіт елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2070

Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы бірге тұрған жігіті әртүрлі себептермен бірнеше рет ақша сұрап, уәде етілген мерзімде қайтаратынын айтқан. Бастапқыда қаражат көлемі аз болғанымен, уақыт өте келе оның сұраған сомасы айтарлықтай ұлғайған. Жігітінің қиын жағдайына сенген әйел оған көмектесу үшін өз атынан бірнеше банктен несие рәсімдеген. Нәтижесінде, келтірілген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Күдіктінің бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары азаматтарға қаражатын қарызға беру мәселесінде аса мұқият болуды ескертеді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...