IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, 71 келі салмақта Абылайхан Жүсіп...
Жасөспірім қызға жөнсіз ұсыныс айтқан 2 полицей жұмыстан қуылды
Фото: Видеодан кадр
2275
Жасөспірім қызды қызметтік көлігімен жеткізіп салғысы келген полицейлер жұмыстан қуылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл жағдай Алматы облысында болған. Кәмелет жасына толмаған қызды мекен-жайына жеткізіп салуға ниеттенген екі полицей жұмыстан шығып кетті. Іле ауданындағы екі инспектор қызметтік автокөлікпен 17 жастағы қызды «Саяхат» автовокзалына жеткізгізіп тастағысы келген. Бұл туралы адвокат Нұрлан Байғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Осы іс бойынша қызметкерлер жұмыстан шығарылды», - деп жазды адвокат.
Сонымен қатар жасөспірім қыз болған жағдайды растады.