Қарағанды өңірінде атқарылып жатқан бірқатар жобалар турасында облыс әкімінің орынбасары Абзал Нұрке...
Буллингке ұшыраған 6-сынып оқушысы мектепке пышақ алып барған
Фото: ЖИ
Атыраудағы №14 мектепте 21 қазанда алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылардың бірі өзіне тиісіп жүрген сыныптастарынан кек алмақ болып, мектепке пышақ алып келген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, бала сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған болуы мүмкін. Ол қарсылық көрсетуге бел буып, мектепке пышақ әкелген. Оқушы қаруды басқа балаларға көрсетіп, өзін ренжіткендермен есеп айырысатынын айтқан.
Болған жағдай туралы оқушылар мұғалімге хабарлаған. Педагог полиция қызметкерлері мен жанжалға қатысқан балалардың ата-аналарын шақырған. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал болғанын және олардың бірінен пышақ табылғанын растады. Сонымен қатар ведомство пышақтасу болды деген қауесетті жоққа шығарды.