Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесу барысында Астанада LRT-де жол жүру құны 100-д...
Бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: freepik.com
2555
Батыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілініп, ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz «Мой Город» басылымна сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 17 қарашаға қараған түні Тасқала ауданында болған. Мәліметтерге сүйенсек, ер адамдар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Ауыр дене жарақатынан олардың бірі ауруханада көз жұмды.
Күдіктіні полиция қызметкерлері ұстаған.
«Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкер болып шықты», – делінген ақпаратта.