Атырауда екі адам тұрғындарға әдейі вирус жұқтырған

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
924

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, екі фигурант та 2025 жылдың желтоқсанынан бастап есепте тұрған және өз диагнозын білген, алайда соған қарамастан өздерін транс-персона ретінде таныстырып, ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ұстау операциясын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды, ауруы бар екенін біле тұра АИТВ-инфекциясын жұқтыру туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицияда санкция 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтінін нақтылады.

Өткен жылы Алматыда АИТВ-ға талдау нәтижелері мен пациенттердің жеке деректері көрсетілген құжаттардың таралуына байланысты жанжал туындаған еді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...