Қазақстанның халық әртісі өмірден өтті

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2525

Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі alash.kz сілтеме жасап.

Ол 1938 жылы 15 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

"Торғын Тасыбекова өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрына адал қызмет етіп, асыл өнердің тамаша үлгісін көрсетті. Актрисаның керемет дауысы, тамаша бейнесі және шынайы кейіпкерлері халық жадында мәңгі сақталады", - делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...