2025 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысындағы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде тарихи оқиға бо...
Қазақстан күрес түрлерінен Азия чемпионатын 22 медальмен аяқтады
ҰОК
Азия чемпионаты Дананг қаласында жастар арасындағы күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қазақстандық балуандар құрлықтық додада жеті алтын, он күміс және бес қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті.
Еркін күрес
Алтын медаль иегерлері: Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін), Маис Әлиев (70 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін), Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін).
Күміс жүлдегерлер: Еламан Амангелді (54 келіге дейін), Ерхан Әбіл (79 келіге дейін), Абылайхан Үзембаев (86 келіге дейін).
Қола медальді Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) иеленді.
Грек-рим күресі
Азия чемпиондары атанғандар: Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін).
Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңіс (87 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады.
Диас Нұраков (63 келіге дейін) пен Кирилл Минько (82 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
Әйелдер күресі
Қазақстан құрамасының еншісінде бір алтын медаль бар. Оны ел қоржынына Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) салды.
Алтын Шагаева (57 келіге дейін), Тыныс Дубек (62 келіге дейін), Алина Ертөстік (76 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
Ал Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін) мен Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.