«Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады

Жаңалықтар
1253

Елімізде «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Министрдің айтуынша, Президент Жолдауын іске асыру жалпыұлттық жоспарының үшінші бағытында 12 іс-шараны іске асыру көзделген. 

«Типтік оқу жоспарларын алып тастау бойынша «Білім беру туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі. Мұғалімдерді 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда. Қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту, сонымен бірге «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады», - деді Әсет Ерғалиев. 

Оның атап өтуінше, дарынды балаларға және олардың ұстаздарына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне гранттар беру, сонымен бірге бірреттік ақшалай сыйақы да төлеу көзделуде. 

«Мектептердегі орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу жоспарлануда. «Жас талап» жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр», - деді ол.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...