«Алтайдай жер қайда?!» халықаралық ақындар айтысы өтеді

ӘДЕБИЕТ
3463

2022 жылғы 1 шілдеде, сағат 10:00-де Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай елді мекенінің орталық саябағында «Алтайдай жер қайда?!» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. Халықтың ұлттық құндылығына айналған өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз, Моңғолияның айтыскер ақындары қатысып, бақ сынасады. 

Елімізден Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Рүстем Қайыртай, Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Қазірет Бердіхан, Жарқын Жұпархан, Серік Қуанған, Ардабек Ақбаба сынды от ауызды, орақ тілді ақындар қатысады. Ақындардың өнеріне Алмас Ахметбек, Ұлықбек Есдаулет, Серік Құсанбаев, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Кәмел Жүністегі қазылық етеді. Айтысты белгілі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...