Даладан тауып алған банк картасындағы ақшаны керегінше жұмсаған Астаналық әйел ұсталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2239

Астаналық әйел үй ауласынан тауып алған банк картасындағы ақшаға азық-түлік алып, емін-еркін жұмсаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Банк картасының иесі 59 жастағы әйел. Ол мобильді қосымшада банк картасы арқылы әртүрлі дүкендерден сатып алу туралы көптеген хабарламаларды көрген. Содан ол бірден полицияға арызданған. Айтуынша, бір күн бұрын банк картасын жоғалтып алыпты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер заңсыз әрекетке барды деген күдікпен Астана қаласының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің айтуынша, ол банк картасын үйдің ауласынан тауып алған. Әйел адам карта иесін іздемей, одан ақша жұмсауды шешкен көрінеді. Осылайша ол екі күн бойы жергілікті дүкендерден азық-түлік сатып алған. Материалдық шығын 50 мың теңге құрайды. Оның бұл әрекеті дүкендердегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады", - деп атап өтті полициядан. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...