Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов экс-әйелі Мөлдір Мұқанованың айтқандарына жауап берді, деп хабарла...
Дариға Бадықова ел естімеген жаңалығын жарияламақшы
ашық дереккөз
Танымал кинопродюсер әрі актриса Дариға Бадықова оқырмандарын ойландыратын жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Өнер иесі өмірінде түрлі қиындықтарды бастан өткергенін меңзеп, кейде шындықты айтамын деп артық сыр ашып қоятынын жасырмады.
"Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер, осындай жағдайлар болған деп ше... Не көрмедім десем. "Шынымды айтамын деп, сырымды айтып қойыппын" болмайын құрсын. Не нәрсе ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. Ой, бұл пысық, тірлігі бар деп. Пысықтардың да жүрегі бар. Просто жертво болғанды ұнатпайды. Себебі маған адамдардың аяныш күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне, біздегі стереотип – жалқауларға жан ашу.
Оны киномен көрсеткен ұнайды. Жалпы, мен киноның желісі өмірдегідей болсын деймін. Әр үйде, тіпті шетел деп жатқан отбасыларында да бар. Отбасы жағдайы – біздің өмірдің күйі. Өмірге жақын кино түсіру – басты мақсатым. "Таптым-ау сені" фильміне барыңыздар, ертең демалыс. Тура өмірдегідей кино көресіздер", – деп жазды Дариға Бадықова.