Қазақстан Тәжікстанның шекара қызметі үшін мамандар даярлап, шәкіртақы төлейді, деп хабарлайды maden...
Талғардағы оқиғаға қатысты қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділер президентке үндеу жолдады
Фото: ашық дереккөзден
Белгілі заңгерлер, қоғам қайраткерлері, азаматтық белсенділер мен журналистер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Мәлімдемеге Қазақстанның әр өңірінен 78 адам қол қойған. Олардың барлығы Тоқаевтан Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен арнайы тергеу жүргізуді сұрайды.
Сонымен қатар, арызданушылар Ішкі істер министрлігі, прокуратура, сот-медициналық сараптама және басқа да органдардың барлық өкілдерін олардың қылмыспен және кәсіпкерлікпен ықтимал байланыстары туралы тергеу аяқталғанға дейін осы істен шеттетуді талап етуде.
Қайғылы оқиға 2 айдан астам уақыт бойы жәбірленушінің отбасына жүйелі қысым көрсетумен қатар жалғасып жатқаны атап өтілді.
Қоғам белсенділері бұл «биліктің қылмыс пен бизнесті ажырата алатынына үлкен күмән тудыратынын» атап өтті.