7 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енді....
Алматыда 54 жастағы ер адам самокаттан құлап, қаза тапты
Фото: freepik
209
Алматыда әл-Фараби даңғылында электросамокат мінген ер адам жол апатынан қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жылдамдығы сағатына шамамен 90 шақырым болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол шығыс айналма автомобиль жолында алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болған. Сол кезде тізгінге ие бола алмай, асфальтқа құлаған. Соққыдан қорғаныш дулығасы басынан ұшып кеткен.
Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі келгенімен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.