Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
212

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметіне алғаш рет 2025 жылғы 8 маусымда тағайындалған. 2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ол осы қызметке қайта тағайындалған еді.

Қосанов 1969 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Юрий Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын және Ресей Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын бітірген. Әскери мансабын жойғыш-ұшқыш ретінде бастап, кейін Талдықорған және Шымкент қалаларындағы авиациялық базаларды басқарған.

2022–2024 жылдары Қосанов Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, 2024–2025 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметтерін атқарды. Оның әскери атағы – авиация генерал-лейтенанты.

Қосановтың қызметтен босатылуы Қорғаныс министрлігіне қатысты бірқатар оқиғадан кейін болып отыр. 26 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйін, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрылғаны хабарланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған 14 әскери қызметшінің арасында болған оқиғадан ам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Астана Опера» сахнасында 2026 жылдың 25  қыркүйегіне жоспарланған «Щелкунчик...