«Қазір келініммен араласпаймын»: Ақбота Керімбекова ұлының ажырасу себебін ашық айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
16

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова үлкен ұлының ажырасуына не себеп болғанын айтып, бұрынғы келінімен қарым-қатынасы туралы сыр шертті. Бұл туралы өнер иесі журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  

Әншінің айтуынша, келіні бөлек тұруды қалаған. Алайда анасының бауырында өскен ұлы үйден кетуге келіспеген. Осы келіспеушілік ақыры ажырасуға әкелген.

«Келін бөлек тұрғысы келді, бала бармаймын деді. Бәрі содан басталды. Бөлек шықсаңдар шығыңдар, ажыраспаңдар деп те айттық. Біз біраз тырыстық. Өздерінің таңдауы солай болды. Екі жаққа кетті, өз өмірлерін сүріп жатыр», – деді Ақбота Керімбекова.

Өнер иесі бүгінде бұрынғы келінімен араласпайтынын да жасырмады. Сондай-ақ ажырасқаннан кейін балалардың әкесімен және ата-әжесімен байланысын үзбеу керектігін айтты.

«Қазір келініммен араласпаймын, араласқысы келмейді. Неге қазіргі жастар ажырасса баланы алып қашады? Қыздарға немерем деп қуанған ата-әжелердің жүрегін ауыртпаңдаршы дегім келеді», – деп қынжылды әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында бір тәулік ішінде үш ауыр жол-көлік оқиғасы тіркеліп, алты адам көз жұмды. Тағы төр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан екі ер адам мен бір әйел мұз астына түсіп кетіп, суға батып...