Михаил Шайдоров өзін Олимпиадаға дайындаған бапкерімен келісімшартын тоқтатты

Фото: olimpia_da

СПОРТ
92

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен оның бапкері Алексей Урманов арасындағы келісімшарттың тоқтағанын айтты. Бұған дейін Урманов Шайдоровты Олимпиадаға дайындаған еді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

"Алексей Урмановқа алғыс айтқымыз келеді. Ол өзі де Олимпиада алтынын жеңіп алды, Олимпиада чемпионын дайындауға да көмектесті. Осы үш жылда Михаилдың командасымен бірге үлкен жұмыс атқарды. Алексей Урманов алдағы уақытта жас спортшыларымызбен де жұмыс істейді деп үміттенеміз", – деді министр.

Министрдің айтуынша, Шайдоров жаңа олимпиадалық кезеңді бастап, жыл басынан бері 13 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, төрт-бес жарысқа қатысқан. Министр спортшының өз командасын таңдауға құқығы барын және министрлік оны қолдайтынын айтты. 

Федерация Олимпиададан кейін Урмановқа Алматыдан пәтер сыйлаған. Министрдің сөзінше, бапкермен байланыс әлі де жалғасып келеді.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы 13 ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

21 жастағы спортшы ерлер арасындағы жекелей сырғанауда қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.

Бұл – Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада алтыны. Сондай-ақ еліміз қысқы Олимпиада ойындарында 32 жылдан кейін қайтадан алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов Олимпиада чемпионы болған. 

Шоу-бизнес

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова үлкен ұлының ажырасуына не себеп болғанын айтып, бұрынғы келінімен қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында бір тәулік ішінде үш ауыр жол-көлік оқиғасы тіркеліп, алты адам көз жұмды. Тағы төр...