Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1166

Қазгидромет синоптиктері 3, 4 және 5 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мамандардың айтуынша, мамырдың басында еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай, жаңбыр, желдің күшеюі, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

"Республиканың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жауады. Батыста және оңтүстікте құмды дауыл соғады. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түседі", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің соңғы айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...