"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынының билеттері сатылымға қашан шығады?

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1134

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынға билеттер 10 күн қалғанда сатылымға шығады, деп хабарлады МadeniРortal.kz.

Бұл туралы BAQ.KZ жазды.

Билеттерді сату құқығы тікелей «Қайратқа» тиесілі, себебі негізгі тарап – клубтың өзі. Бүгінгі күні бізде бар ақпарат бойынша, сатылымның басталуы матчқа 10 күн қалғанда жоспарланған. Яғни егер ойын 30-ында өтсе, шамамен 20-сы күні билеттер сатыла бастайды, – деді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Билеттердің бағасына қатысты әзірге нақты шешім қабылданбаған.

Баға саясатын «Қайрат» клубы сұранысқа сәйкес белгілейтін болады. Менің ойымша, 20-сына қарай нақты баға мен билеттердің санын білеміз, –деді вице-министр.

Еске салайық, "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойыны 30 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...