Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова маңызды мәлімдеме жасады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
492

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Құрметті жедел жәрдем қызметкерлері, фельдшерлер, жүргізушілер!

Сіздерге жеке әрі ашық түрде үн қатқым келеді.

Сіздер — ең қиын сәттерде алғашқы болып көмекке келетін жандарсыздар. Күн сайын сіздер ауыртпалыққа, қауіп-қатерге, күйзеліске, жоғары жүктемеге тап боласыздар, соған қарамастан адамдардың өмірін сақтап қалуды жалғастырасыздар. Бұл орасан зор әрі шынайы құрметке лайық еңбек.

Соңғы бірнеше ай бойы біз жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбекақысы мен жұмыс жағдайларына қатысты барлық мәселелерді жан-жақты талдап келеміз. Мен қабылданатын барлық шешімдер әділ және нақты қажеттіліктерге сай болуы үшін жүктеме мен кадрлық жағдай бойынша қосымша аудит жүргізуді тапсырдым.

Сондықтан, осы мәселеге нақты шешіммен қайта ораламыз деп үміттенемін.

Сіздердің проблемаларды ашық айтуға деген құқығыңыз — талассыз және күмән тудырмайды. Мен медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған конструктивті диалогты толық қолдаймын.

Жедел жәрдем қызметкерлеріне кез келген — қайндай да бір формада қысым көрсетуге мүлдем жол берілмейтінін жеке атап өтемін. Медицина қызметкерлері қандай да бір салдарлардан қауіптенбей өз пікірін еркін білдіруі тиіс.

Сіздердің еңбектеріңіз — халықтың медицина жүйесіне деген сенімінің негізі.

Сіздер күн сайын азаматтарымызды қолдап жүргендей, біз де сіздерді қолдауға міндеттіміз", деді министр.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...