Русланды кім қуды? Көреміздің келесі жүргізушісі кім болмақ

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
6557

Руслан Өтепбай "Көреміз" бағдарламасымен қоштасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды

Руслан Өтепбай инстаграм парақшасында бұл жобамен қоштасатынын, бағдарлама енді басқа бағытта, жаңа жүргізушімен жалғасатынын айтып арнайы пост жариялады.

Ардақты ағайын, «Көреміз»бағдарламасында төрт жыл еңбек еттім. Жығылғанға демеу, сүрінгенге медеу болдық. Жылаған жанды жұбаттық, көз жасы құрғаймын дегенше әділдік үшін күрестік. Бірақ әр басталған істің соңы болады. Өкінішке қарай, «Көреміз»бағдарламасы осымен бітті. Бұл менің шешімім емес. Жабылудың себебі маған да, менің командама да белгісіз. Десе де біз осы уақыт ішінде көптеген мәселелерді шешіп, елдің қуанышына куә болдық.
Амал нешік, осымен Көреміздегі Русланның жорығы тамам. Ары қарай «Көреміз»бағдарламасының форматы да, жүргізушісі де басқа адам болмақ.
Көреміз жабылғанымен, мен ЕЛМЕН біргемін. Көмекке мұқтаж, жәрдемге зәру отбасыларға қолымнан келгенше көмектесуге барымды саламын.
Алла қорғаса, ел қолдаса жаңа жобаларда төбе көрсетеміз!

Руслан Өтепбайдың бұл жаңалығын бөліскен видеосына 5 сағатта 5 мыңға жуық пікір жазылған. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі бұл күтпеген жаңалық деп, жүргізушіге қимайтындарын, ақ жол тілейтіндерін жазған. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

10 шілде күні Астанада Әділет партиясының III кезектен тыс съезі өтті. Съезге еліміздің түкпір-түкпі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы оқиға 2026 жылдың наурыз айында Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған, деп хабарлайды...