Димаш Құдайбергеннің қарындасы диплом алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1619

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің отбасы қуанышты жаңалықты бөлісті – оның кенже қарындасы Раушан Құдайберген университетті тәмамдады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Qaz365.kz жазды.

Өнер иесінің әкесі Қанат Құдайберген бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желіде жариялап, бітіру кешінен суретпен қоса мынадай жазба қалдырды:

«Қанатың талмасын, қызым! Жолыңа нұр жаусын!»

Желі қолданушылары да құттықтауларын жаудырды:

– «Құтты болсын! Әжең, әкең, анаң қызығыңды көрсін, аман жүр! Еңбегің жемісті болсын. Мен де сенің әжеңдей әжемін, менде де сендердей немере-шөберелер бар, шын жүректен тілекшімін!»
– «Керемет, жағымды сәт – дипломың құтты болсын!»
– «Болашағың жарқын болсын!»
– «Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын!».

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...