Қымбатты Отандастар!Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын...
Иракта балалармен некелесуге рұқсат беретін заң қабылданды
Фото: Hadi Mizban/AP
Иракта жеке статус туралы заңға енгізілген өзгерістерге сыни пікір көбейді. Сынаушылар заңға енген түзетулер балалардың некелерін заңдастыруға әкеліп соғуы мүмкін деп санайды. Бұл туралы CNN жазды, деп хабарлайды madeniportal.kz malim.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Қазір елде некеге тұру үшін кем дегенде 18 жасқа толуы керек. Алайда, 21 қаңтарда қабылданған түзетулер діни қызметкерлерге ислам заңын өз түсініктері бойынша қолдануға мүмкіндік береді, ал кейбір ислам құқық мектептеріне сәйкес, қыздар некеге ерте, тіпті 9 жасында тұрса да болады. Бұл, әсіресе, Ирактағы шиит діни жетекшілерінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба.
Өзгерістерді консервативті шииттердің заң шығару органындағы өкілдері қолдап отыр, олар бұл түзетулерді «ислам принциптеріне сәйкес заңды жаңарту және Ирак мәдениетіне батыс ықпалын азайту мақсатында қабылдады» деп мәлімдеді.
Алайда, бұл өзгерістер әйелдер мен қыздардың құқықтарына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін деп есептейді құқық қорғаушылар. Ирактың әйелдер лигасының мүшесі Интисар аль-Маяли CNN-ге берген сұхбатында, ерте жастағы неке балалардың құқықтарын бұзатынын және әйелдердің ажырасу, қамқорлық және мұра құқықтары сияқты қорғау механизмдерін зақымдайтынын атап өтті.