Аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған блогер елдің жағасын ұстатты

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1458

Блогер аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Желі қолданушылары блогер Райхан Жұмамұратованың жазбасының скриншоттарын таратты. Ол жазбада: "Аутистер тым көбейіп кетті, оларды емдеу керек. Егер емделмесе, өлтіріп немесе арнайы аутизмге арналған ауруханалар ашу қажет. Аутизмі бар баланың ешқандай сезімі жоқ! Әке-шешесі неге қарамайды? Ата-аналар балаларының диагнозын біле тұра, неге ай қарап жүреді?” деп жазған.

Блогер 13 жастағы жасөспірімнің әрекетінен екі жасар бала зардап шеккен соң, осы пікірді жазған. 

Дегенмен ата-аналар оған ашуланып, бас прокуратураға және ішкі істер министрлігіне шағымданған. Ал полиция қылмыстық іс қозғады. Олар блогердің жеке басын анықтағанын және заң аясында шара қолданатынын хабарлады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Бірнеше лауазымға жаңа басшылар та...