ДИМАШ "ƏНШІ ЕМЕС", ОҒАН АТАҚ КЕРЕК ЖОҚ!

Жаңалықтар
6678

Бірде ұлы жырау Жамбылдан хатшы ақындарының біреуі ұлы ақын Абай туралы:

- Жəке! Абай қандай ақын? - деп сұрапты. Сонда жырау:

- Абайды ақын дегендер оттайды! Абай ақын емес! - депті. Сонда қасындағылар жыраудың жауабына аң-таң болыпты. Жамбыл біраз үнсіздіктен кейін:

- Абай ақын емес, құдрет қой! Қазақта Абайдан асып туған ғұлама жоқ - депті.

Сол ұлы жырау айтқандай:

- Димаш əнші емес! Димаш қазақ өнерінің маңдайына бұйырған бақыты! Ол қазіргі қаптаған "жұлдыздың" бірі емес, Димаш - қазақтың əн бақшасындағы нағыз бұлбұл!

Алты октава даусы бар Димаш қазақ əншілік өнеріндегі құбылыс қана емес, ол əлемді "аузына қаратқан" қазақ əншілік өнерінің құдіретінің иегері.

Əншілік өнердің тарихында 17-19 ғасырларда Италияда дауыстары 3-4 октава кастрат(азбандалған) əншілер болған. Ол Димаштікіндей құдай берген дауыс емес, адамды қорлау арқылы қолдан жасалған дауыстар еді.

Еркектерді қажеттіліке байлансты кастраттау сонау ертеде қытайда, кейінінен шығыс елдерінде гаремдердегі малайларды, патша мен уəзірлердің қыздары мен əйелдеріне көз салмау үшін кастраттаған.

Ал, əншілік өнер үшін кастраттау, Рим папасы Климент-7 ден басталған. Ол шіркеу хорында жоғары дауысты партияларды орындау үшін даусы мутациядан (ересек дауысқа ауысу) өтпеген 11-13 жастағы ұл балаларды кастраттауға рұқсат берген. Себебі, хорға əйелдерді қатыстырмаған. Сонда ұл баланың дауыс желбезегі (связка) сол жіңішке, қысқа күйінде өмір бойы сақталған. Содан ол ересек болғанда оның даусы əйел даусынан да жоғары регистрға жеткен! Кастрат əншілердің атағын асқақтатқан Италияда туған опера жанры болды. Операдағы əйел кейпкерлердің барлығын кастрат əншілер орындады. Олардың гонорарлары өте жоғары болды. Олар ең бай адамдар қатарында болды. Сол заманда байлыққа қызыққандар даусы бар ұлдарын кастраттау кең етек алды.

Ұлы композиторлар- Скарлатти, Гендель, Глюк, Моцарттың опералары сол кастраттардың даусына арнап жазылды. Опера сахнасына əйел əншілерге рұхсат етілгеннен кейін, кастрат əншілердің қажеті болмады. Олар өнер саханасынан біржолата кетті.

Осы заманда кастратция жасамай-ақ өзінің тəбиғат берген даусымен əйел дауысты контр-альт, контр-тенор дауысты əншілер əлем саханасында өнер көрсетуде.

Соның бірі, қазқтан шыққан Атраулық өмірден ерте кеткен Ерік Құрманғалиев. Ол Москва консерватқориясын бітіріп əлемге танылған əнші болды. Оны Алматыда "қатын" дауыс деп оқуға алмаған.

Біздің Димаштыда Қазақстанда өткен əншілер байқауында профессионалдік əншілік өнерден хабары жоқ қазылар алқасы "шыңғырған бұл не дауыс, əнді бұзып бұл не орындау" - деп, жас əншінің жігерін жасытқанын ел біледі.

Бір жылдан кейін сол "шыңғырған" Димаш қытайға барып бағы ашылды. Қазір сол "шыңғырған" Димаш қазақты əлемге танытты! Қазақ деген халықтың əдемі тілі бар екенін, президенттер мен шетел министрлері емес, қайда барса қазақша сөйлеп, қазақша сұқпат берген "шыңғырған" əнші Димаш паш етті!

Димаш нағыз ұлт жанды, қазақша тəрбие алған, текті əулеттің ұрпағы екені көрініп тұр. Осындай ұл тəрбиедеген Атасы мен Апасына, əке-шешесіне, ұстаздарына мың алғыс!

Димаштың даусы ерекше дауыс! Оның ерекшелігін ғылыми зертеу жүргізу арқылы нақты анықтауға болады.

Дауыс екінің бірінде бар. Мəселе сол дауысты қалай меңгеруде. Димаш бірінші кезекте тамаша музыкант! Құдай берген аспабы- даусын барлық регистрда шебер меңгерген. Оның даусын тыңдап отырып, дəл бір керемет музыкант скрипкада ойнап жатқандай əсер аласың. Нюанстары да дəл скрипкадағыдай ғажап!
Сөз соңында айтарым, Дінмұхаметке еш қандай құрметті атақтың керегі жоқ! Оған құрметті басқаша көрсету керек.

Димашты даусымен емес, талантымен емес, екі- үш клип түсіріп, бір əнді жанды дауста айталмайтын, жалтыраған санымен, тойдан алған ақшаларына сатып алған қаптаған əнші сымақ "ҚР еңбек сіңірген қайраткерлер" атағы барлардың қатарына қоюға болмайды! ( Зайырлы елдерде артисттерге құрметті атақ берілмейді. Ұлы əншілер Майкл ДЖексон, Паваротти, Доминголардың атақтары жоқ.)

Ол өмірінде кеңес үкіметінен атақ тұрмақ мақтау қағаз алмаған, атақсыз Ұлы əнші - ƏМІРЕ Атасының қатарында, атақсыз ДИМАШ болып жүре берсін!

ОНЫҢ ƏЛЕМ ХАЛҚЫ БЕРГЕН АТАҒЫ БАР!

ОЛ - ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ҚАЗАҚ ƏНШІСІ!

Əнші мұнда патша-хан!

Əмірі елге жүреді.

Дайын оған ат - шапан!

Жəне қыздың жүрегі! - деп ұлы ақын Қадыр жырлағандай, əлем қыздарының жүрегін жаулаған Димаш ұлымыздың болашағы алда!

Аймұханбет Бейсембеков - Шəкірім атындағы университетінің профессоры.
18.04.2019 Қарағайлы.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...