Ақтөбеде қымыз ішіп, мас күйінде көлік айдаған шенеунік 15 тәулікке қамалды

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1446

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ақылбек Исатаев 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әйтеке би аудандық сотында ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ақылбек Исатаевқа қатысты іс қаралды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 608-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, А.Исатаев 14 ақпан күні сағат 01:22-де Әйтеке би ауданы Т. Жүргенов ауылында көлікті мас күйінде айдаған. Бөлім басшысы сот отырысы кезінде көлік айдағанын, алайда мас болмағанын, тек 1-1,5 литр қымыз ішкенін айтты. Алайда жеңіл дәрежеде мас болғаны медициналық сараптама кезінде анықталды.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйнсек, прокурор А. Исатаевты кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды сұрады. Сот қаулысымен Ақылбек Исатаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен бірге 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...