Алматыда күн күрт суытып, қар жауады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
114

Алматыда күн күрт құбылады: ауа температурасы төмендеп, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Астанада алдағы үш күнде аздаған қар жауып, көктайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

 
Алматыда жаңбыр, қар жауып, күн күрт суытады

 

Сейсенбіде, 10 қарашада, Алматыда күн салыстырмалы түрде жылы болады, күндіз ауа температурасы +18…+20 градусқа дейін көтеріледі. Алайда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін.

11 қарашада ауа райы айтарлықтай өзгереді. Қалада күн бұлтты болып, жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жаңбыр, қар жауады. Жел бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ауа температурасы түнде де, күндіз де +5…+7 градус болады, ал күннің екінші жартысында одан ары төмендейді.

Бейсенбіде, 12 қарашада түнде де жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +5…+7 градус болады. 

 

Астанада қар, көктайғақ, тұман болжанып отыр

 

Елордада 10 қарашада түнде аздап қар жауады. Сондай-ақ, синоптиктер тұман мен көктайғақ болатынын ескертті. Түнде ауа температурасы -1…-3 градус, күндіз -1-ден +1 градусқа дейін болады.

11 қарашада Астанада жауын-шашын жаумайды, бірақ түнде, таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -3…-5 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0…+2 градус болады.

Бейсенбіде, 12 қарашада елордада күн құбылмалы болады, жауын-шашын жаумайды. Түнде, таңертең қайта тұман түседі. Ауа температурасы түнде -2…-4 градус, күндіз 0…+2 градус деңгейінде сақталады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісі үш айдың ішінде 1,37 миллионнан астам видеоны өшірген. Олардың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің міндеттері мен өкілеттіктері кеңейтіледі. Үкіметтің 2026...