Қазақстандық хирургтер жаңа туған сәбиге күрделі ота жасап, денесіндегі салмағы 2 келі болатын ісікт...
Динара Сәтжан жақында той болатынын айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
1519
Тележүргізуші Динара Сәтжан отбасында үлкен тойға дайындық басталғанын жария етті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, тележүргізушінің інісі отбасы құрғалы жатыр.
"Сәтжановтар әулетіне бір мүше қосылды. Арай, шын жүректен қош келдің! Ініміз Паша көптен күткен бақытын өз туған жері – Қарағандыдан тапты. Бүгін сырға салу рәсімін сән-салтанатымен өткіздік. Алда - үлкен той! Жас жұбайларға мәңгілік махаббат пен баянды бақыт тілейміз!", - деп жазды Динара Сәтжан.
Айта кетейік, Динара Сәтжан еліміздегі ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққан болатын.