Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1718

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, экипаж мүшелері қайтыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ sputnik-ке сілтеме жасап. 

Оқиға бүгін шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында болды. TL-2000 оқу-жаттығу ұшуын орындаған. 

Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі, деп хабарлайды көлік министрлігі.

Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болған. Екеуі де көз жұмды. 

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиға орнына барады.

Арнайы комиссия құрылады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...