Дөнер жеп тісін сындырған. Ақтөбедегі дәмхана дөнерден шыққан темір үшін 1 млн айыппұл төледі

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
1548

Ақтөбелік әйел дөнер жеймін деп тісін сындырып алған, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Ол баласы екеуі қаладағы дәмханалардың біріне кіріп, тамақ ішпек болған. Дөнердің ішінен ұзындығы 2 сантиметр болатын темір шыққан. Даяшы дәмхана басшысын шақыру туралы өтінішті орындамаған. Әкімгер темір қосылған дөнердің орнына тәтті тоқаш беріп құтылмақ болған.

Үйіне келгеннен кейін әйелдің қызылиегі ауырған. Дәрігерге қаралған соң тісін жұлып тастауға тура келген. Стоматолог орнына тіс салып беру үшін 680 мың теңге талап еткен. Жәбірленуші бұл соманы және моральдық өтемақы өндіріп алу үшін сотқа жүгінген.

Сот шешім шығарып, дәмхана иесін әйелдің тісін жөндетуге 680 мың және моральдық өтемақы ретінде 400 мың теңге төлеуге міндеттеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...