Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде дəстүрлі Əдеби жыл қорытындысына арналған жиын баст...
Донер жеткізушінің қыздарға жасаған әрекеті қызу талқыланып жатыр
Фото: Рүстем Баязиев
Атырау облысының қыз-келіншектері жергілікті донер жеткізуші жігіттің үстінен шағымданған, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Олардың айтуынша жігіт қыздардың номерін алып, оларға интимді сипаттағы суреттер жібереді екен.
Донер жеткізуші ватсап желісі арқылы тапсырыс берген қыздардың фотосын сақтап алып, оларға ұятсыз хаттар жазуды әдетке айналдырған екен. Бұл турады атыраулық белсенді Рүстем Баязиев мәлімдеді. Сонымен қатар донер жеткізушіден зәбір көріп жүрген қыз-келіншектер көп екен. Оның оғаш әрекеттері полицияға да жетті.
“Екі күннен бері мәселе көтеріп жатырмыз. Ол жігіт бірнеше қызға жазған. Интимді әңгіме жазған. Оның ішінде кәмелетке толмаған қыз да бар. Оөушы қыздаг үйден шығуын сұраған. Кездескісі келген. Телеграмына да жазған. Ол қыз қорқып қалған. Кеше бәрін әлеуметтік желіге шығарып көрсеттік. Сонда маған бірнеше адам жазды. Олар арыз жазуға қорқып отырмыз деді, – дейді блогер.
Атырау қаласының полиция басқармасы кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты әдепсіз сөздерді жазып, оларды мазалау фактілері бойынша арызды тіркеген. 25 жастағы күдікті ұсталып, кешенді тексеру жұмыстары қолға алынды.