Достық үйінде «Қоғамдық келісімді нығайтудағы медиацияның рөлі» атты кездесуі өтті

Жаңалықтар
597

Астана қаласындағы Достық үйінде «Қоғамдық келісімді нығайтудағы медиацияның рөлі» тақырыбында Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен  кәсіби медиаторлардың кездесуі өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz


Кездесу барысында Астана қаласы ҚХА кәсіби медиаторы Роза Бекишева, Ырыскелді қажы мешітінің имамы Яхияқожа Исмаилов, Қазақстан халқы ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы, Астана қалалық Өзбек этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов сөз сөйлеп, қоғамдық келісімді нығайтудағы, түрлі этносаралық, конфессияаралық татулықты күшейтудегі медиаторлар жұмысының маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті философия кафедрасының постдокторанты, доктор (PhD) Сымбат Шәкіров «Қазақ қоғамындағы дау-жанжалды шешудің дәстүрлі формалары: ақсақалдар мен медиация» тақырыбында баяндама жасап, қазақ халқының ықылым замандардан бері сөзге тоқтап, алдына келсе, атасының құнын кешетін текті халық екенін атап өтті. 

Кездесу соңында медиаторлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасып, аталған тақырып аясында ой өрбітті.


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...