Қостанайда автобустар өртенді

Сурет ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1994

Қостанайда автопаркте 5 автобус жанып кетті, деп хабардады madeniportal.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, түн ортасында «101» пультіне күзету қызметінен Қостанай қаласындағы автобус паркінің аумағында автомобиль боксынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қою түтінге қарамастан, газ-түтіннен қорғау қызметі барлау кезінде бокста бес автобустың жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, 27 қалалық автобустар мен бокс конструкцияларын өрттен аман сақтап қалды.

«Өрт алдын ала 220 шаршы метр алаңда оқшауланды. Нақтыланған ақпарат бойынша бокста 5 автобус жанған»,-делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...