Салтанат Нүкенованың 40 күндігіне 1,5 млн теңге бердік — Бишімбаевтың әкесі

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
153

Астана қаласында Қуандық Бишімбаевтың туысы Бекзат Кемеловаға қатысты алаяқтық дерегі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысында Уәлихан Бишімбаевтан жауап алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Qazaq Today  ақпарат порталына сілтеп.

Бишімбаевтың әкесі марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарына берілген қаржының мән-жайын баяндады. Оның айтуынша, күдіктінің күйеуі Қайрат Кемелов Салтанаттың 40 күндік асына 1,5 миллион теңге тапсырған.

«Ол күні туыстар делегация болып бардық. Алдымен кешірім сұрау үшін, сондай-ақ басқа да мәселелерді талқылау мақсатында жиналдық. 1,5 миллион теңге Қайраттың қолында болды. Ол ақшаны Салтанаттың әкесіне берді. Бұл қаржыны жұбайым Қайратқа 40 күндік асына деп берген. Қайрат оны қалтасынан шығарып, тапсырды», – деді Уәлихан Бишімбаев.

Оның сөзінше, Қайрат Кемелов Нүкеновтермен жақын араласып жүргендіктен, делдалдық міндетті өз мойнына алған. Ал Бишімбаевтар әулетінің өзге мүшелері Нүкеновтермен байланыс орнатпаған.

Сондай-ақ Уәлихан Бишімбаев жаназадан кейін Қайрат Кемелов Салтанат Нүкенованың ата-анасын мейрамханаға шақырғанын айтты. Бұл кездесуге Бишімбаевтар отбасы да қатысқан.

«Ешқандай мәселе талқыланған жоқ. Бұл – жай ғана туыстардың кездесуі болды», – деді ол.

Уәлихан Бишімбаев өзіне немесе жұбайына қатысты ұлдары үшін қосымша сот-медициналық сараптама талап етіп, қандай да бір анықтама алуға өтініш жасағаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзбекстанда енді парацетамолды дәріханадан тікелей сатып ала алмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

АЙМАҚТАР

Астанада оқушылар мен студенттер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Esirtkisiz El...