Дубайға рейстер 19 сәуірге дейін тоқтатылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
806

FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің тоқтатылуын 19 сәуірге дейін ұзартатылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Компанияның мәліметінше, шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай мен бірқатар елдегі шектеулерге байланысты қабылданған.

«Бұған дейін авиакомпания аталған бағыт бойынша рейстердің 2026 жылғы 31 наурызға дейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Қазіргі жағдайда ұшуларды орындау мүмкін болмай отыр, осыған байланысты тоқтату мерзімі ұзартылды», – делінген компания хабарламасында.

Жолаушыларға билет құнын толық қайтару немесе сапарды кейінгі күнге тегін ауыстыру ұсынылады. Онлайн сатып алынған билеттерді сайт немесе қосымша арқылы өзгертуге болады.

Шоу-бизнес

Жақында дүркіретіп той жасаған белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан отбасындағы тағы бір қуанышты жиы...

Шоу-бизнес

Жыл сайын өткізілетін сұлулық байқауына кастинг басталғанын Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақ...